Бейіндік және ақылы профильді лагерь

Құрметті ата-аналар мен оқушылар! 2024-2026 жылдарға арналған іс-шара жоспары негізінде оқушылардың жазғы демалысын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру және жазғы демалыс уақытында балалардың бос уақытын тиімді өткізу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және денсаулығын нығайту мақсатында мектеп алды , бейіндік және ақылы профильді лагерь 2025 жылдың 1 маусымында ашылып, балаларды қабылдау 02-06 – 22.08. 2025 ж аралығында мектебіміздің жанынан жазғы лагерь ұйымдастырылып, жүргізілетінін хабарлаймыз. Мектеп жанынан төмендегі лагерь түрлері ұйымдастырылып отыр. Олар: 1. «STEM» жобасы шығармашылық лагері 2. Жазғы ғылыми-математикалық лагері 3. «English camp» ағылшын тілі пәнінен лагерь 4. «Жасыл әлем» эко лагері 5. «Профквест» профильді лагері Лагерь жұмысы: Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, сағат 9:00 – 12:00 Бағдарламада: қызықты ойындар, спорттық жарыстар, шығармашылық шеберханалар мен бейіндік пәндер сабақтары және тағы басқа шаралар Қатысу шарттары: 5–8,10 сынып оқушылары қатыса алады. Ата-аналардан жазбаша өтініш қажет Өтетін орны: №8 мектеп-лицей Толығырақ ақпарат алу үшін сынып жетекшісіне немесе лагерь координаторы Ш.Ысқаққа /87075702652/ хабарласуыңызға болады. Балаларыңыздың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуге бірге атсалысайық!